Новости: қаза тапқандар

қаза тапқандар - Қазақстандағы жалғыз еуразиялық порталдағы соңғы жаңалықтар тізімі. туралы жаңа ақпаратты оқыңыз 【қаза тапқандар】 жаңалықтар Arbat media
Ливан ДСМ: Израиль шабуылы басталғалы Ливанда 1974 адам қаза тапты
4 қазан 2024 / Мир

Ливан ДСМ: Израиль шабуылы басталғалы Ливанда 1974 адам қаза тапты

Израиль шабуылы басталғалы Ливанда 1974 адам қаза тапқан. Ливан билігінің хабарлауынша, Израильдің әскери операциясы басталғаннан бері елде 1974 адам қаза тапқан, оның ішінде - 127 бала. Тағы 9384 адам жарақат алды, - деді Денсаулық сақтау министрі Фирас Абиад. 

Дағыстандағы жарылыстан қаза тапқандар саны 13 адамға жетті
29 қыркүйек 2024 / Мир

Дағыстандағы жарылыстан қаза тапқандар саны 13 адамға жетті

Дағыстандағы жанармай құю бекетінде болған жарылыстан қаза тапқандар саны 13 адамға жетті. 27 қыркүйекте Новый Хушет кентіндегі жанар-жағармай құю бекетінде болған жарылыс салдарынан 13 адам қаза тауып, 23 адам жарақат алған. Кейбір мәліметте жарылыс пен одан кейінгі өртке бензиннің жануы себеп болған. 

Одесса облысындағы ресейлік шабуыл: үш адам қаза тапты, 11 адам жараланды
28 қыркүйек 2024 / Мир

Одесса облысындағы ресейлік шабуыл: үш адам қаза тапты, 11 адам жараланды

Одесса облысындағы ресейлік шабуыл: үш адам қаза тапты, 11 адам жараланды. Ресей армиясы Одесса облысының оңтүстігіне шабуыл жасады, Дунай порты орналасқан Измаил қаласына ұшқышсыз ұшақтардың шабуылы жасалды, деп жазды облыстық әскери басқармасының басшысы Олег Кипер өзінің Telegram арнасында. 

Харьковты атқылау кезінде кемінде 15 адам зардап шекті
21 қыркүйек 2024 / Мир

Харьковты атқылау кезінде кемінде 15 адам зардап шекті

Харьковты атқылау кезінде кемінде 15 адам зардап шекті. Ресей армиясы 20 қыркүйек күні кешке украиналық Харьковты басқарылатын бомбамен атқылады. Қала мэрі Игорь Терехов өзінің Telegram-арнасында хабарлағандай, шабуылдан 15 адам зардап шекті, олардың арасында балалар да бар. 

Ливанда тағы да жарылыстар болып, 9 адам көз жұмды
19 қыркүйек 2024 / Мир

Ливанда тағы да жарылыстар болып, 9 адам көз жұмды

Ливанда пейджерлер жарылып, адамдар зардап шеккен күннің ертеңіне тағы да жарылыстар болып, 9 адам көз жұмды. Елдің денсаулық сақтау министрлігі Ливанның аймақтарында бірнеше жарылыс болған. Соның салдарынан кемінде 9 адам мерт болып, 300 адам жарақат алған. Бұл «Хезболла» мүшелері ұстап жүрген пейджерлер жарылып, 12 адам мерт болғаннан, мыңдаған адам жарақат алған күннің ертеңіне болған оқиға. Ливан топтары кемінде 200 адамның өміріне қауіп төндірген бұл әрекетке Израильді кінәлап, енді олардан кек аламыз деп отыр. Израиль тарапы бұл жағдайға қатысты қандай да бір пікір білдіруден бас тартты. 

Вьетнамда «Яги» тайфунынан қаза тапқандар саны 233 адамға жетті
15 қыркүйек 2024 / Мир

Вьетнамда «Яги» тайфунынан қаза тапқандар саны 233 адамға жетті

Вьетнамда «Яги» тайфуны құрбандарының саны артып келеді. Билік 233 адамның қайтыс болғанын растады. 800 адам жарақат алды. Тағы 103 адам із-түзсіз жоғалғандар тізімінде. Олардың жартысына жуығы – Лаокай провинциясындағы қиранды, қоқыс тауларына айналып кеткен Ланг Ну кентінің тұрғындары. Онда дауылдан болған нөсер жауын салдарынан жергілікті өзендер арнасынан асып, көшкін орын алды. Тірі қалғандарды іздеуге 500-ге жуық құтқарушы жұмылдырылды.

Украинада Ресейдің атқылауынан кем дегенде екі адам қаза тапты
11 қыркүйек 2024 / Мир

Украинада Ресейдің атқылауынан кем дегенде екі адам қаза тапты

Украинада Ресейдің атқылауынан кем дегенде екі адам қаза тапты. 8 қыркүйектің кешінен 9 қыркүйектің таңына дейін Украина, аймақтық биліктің хабарлауынша, Ресей әскерлерінің жаппай шабуылына ұшырады. Осылайша Харьков облысының Дергачи қаласына зымыран шабуылынан 76 жастағы әйел қаза тауып, 13 адам жарақат алды, деп хабарлады облыс әкімдігінің басшысы Олег Синегубов. 

Полтавада қаза тапқандар саны 53 адамға жетті
5 қыркүйек 2024 / Мир

Полтавада қаза тапқандар саны 53 адамға жетті

Полтавада қаза тапқандар саны 53 адамға жетті. Ресей армиясының 3 қыркүйекте Полтаваға жасаған зымыран соққысынан кейін жараланғандар саны 298 адамға жетті, деп хабарлады Украинаның мемлекеттік төтенше жағдайлар қызметі. Үйіндіні жою жұмыстары жалғасуда; оның астында тағы бес адам болуы мүмкін. Қалада үш күндік қаралы күн жарияланды.