ӘлемБүгін, 12:31

АҚШ Иранға тағы да соққы жасады

Иран Ормуз бұғазын жауып тастады, деп хабарлайды Arbat.Media.

Америкалық әскерилер Иранның оңтүстігіндегі нысандарға соққы жасады. Шабуыл Трамптың бұйрығымен жүзеге асырылған.

Америкалық күштер әуе қорғанысы нысандарына, радиолокациялық станцияларға және ұшқышсыз ұшу аппараттарын басқару орталықтарына 49 Tomahawk қанатты зымыранын ұшырған. Жарылыстар Иранның бірнеше ауданында тіркелген. Операция аяқталған соң CENTCOM барлық нысанның жойылғанын мәлімдеді.

Ал Тегеран Бахрейн мен Кувейттегі АҚШ базаларына соққы берген. Ирандық БАҚ мәліметінше, Әл-Салем, Ахмад әл-Жабер және Шейх-Иса әскери әуе базалары шабуылға ұшыраған.

Иран АҚШ Ормуз бұғаз

Тақырыпқа жаңалықтар