Әскери ұшақ құлап, 19 адам жантүршігерлік жағдайда ажал құшты
Бангладеште әскери ұшақ құлап, 19 адам қаза тапты, деп хабарлайды Arbat.Media.
Бангладеш астанасы Даккадағы мектеп пен колледждің кампусына оқу-жаттығу ұшағы құлады. Алдын ала мәлімет бойынша, бір адам көз жұмып, төрт адам жараланған.
Жергілікті басылымның мәліметінше, ұшақ 21 шілде, күндізгі уақытта құлаған. Ұшақ Дакканың Уттара ауданында орналасқан Milestone мектебі мен колледжінің кампусына құлады. Апат кезінде білім ошағында балалар болғаны айтылады.
Бангладеш армиясының баспасөз қызметі қысқаша мәлімдеме жасап, елдің әуе күштеріне тиесілі F-7 BGI оқу-жаттығуға арналған ұшағы апатқа ұшырағанын растады.
Өрт күзеті қызметінің өкілі Лима Хан кем дегенде бір адам қаза тауып, тағы төрт адам жараланғанын хабарлады.
Бангладеш үкіметі 22 шілде Ұлттық аза тұту күні деп жариялады.