Шымкенттік шенеуніктердің сұмдығы ашылды
Шымкенттік шенеуніктер құмар ойындарына 400 миллион теңге жұмсаған, деп хабарлайды Arbat.Media.
Шымкентте 50 мемлекеттік қызметкер онлайн-бәс тігуге қатысқаны үшін жұмысынан айырылуы ықтимал. Бұл әрекет сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңды бұзады.
Прокуратураның мәліметінше, бір жылдың ішінде 160-тан астам шенеунік букмекерлік кеңсенің бірінде бәс тігіп, жалпы 757 млн теңге жұмсаған. Ережені бұзғандар тәртіптік комиссияның қарауына жіберіледі.Прокуратура өкілдері еске салғандай, онлайн-бәс тігу — қызметтен босатуға негіз болып табылады. Сондай-ақ олар қазақстандықтар үшін eGov Mobile қосымшасы арқылы 10 жылға дейін құмар ойындарға тыйым салу мүмкіндігі бар екенін атап өтті.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: