Автобус пен жүк көлігі соқтығысып, 11 адам қаза тапты
11 қазанда Түркияның Маниса провинциясында туристік автобус пен жүк көлігі соқтығысып, 11 адам қаза тапты, деп хабарлайды Аrbat.Media.
Апат Гебзе – Орхангази – Измир тасжолының Ақхисар ауданындағы бөлігінде болған. Алдын ала мәлімет бойынша, автобус жүргізушісі қажетті бұрылыстан өтіп кетіп, артқа қарай қозғалған. Сол кезде артынан келе жатқан ағаш тиелген жүк көлігі автобусқа соғылған. Соққыдан екі көлік те аударылған.
Оқиға орнына жедел жәрдем, өрт сөндірушілер мен құтқарушылар жіберілді. Түркияның денсаулық сақтау министрі Кемал Мемишоғлу 27 адамның ауруханада ем қабылдап жатқанын мәлімдеді. Оның айтуынша, бір адамның жағдайы ауыр, 18 адамның жағдайы орташа, қалған сегізінің жағдайы жақсы.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: