Түркияда тағы бір ұшақ апаты тіркелді
Эскишехир провинциясында әскери-әуе күштеріне тиесілі AS-532 Cougar тікұшағы оқу-жаттығу кезінде құлады. Салдарынан борттағы бес әскери қызметкердің барлығы қаза тапты. Апаттың себебі әзірге белгісіз, деп хабарлайды Arbat.Media.
Айта кетейік, бұл Түркияда соңғы екі аптада болған алғашқы авиациялық апат емес. 12 қарашада Малатья провинциясында әскери Sikorsky S-70 тікұшағы апатқа ұшырап, төрт әскери қызметкер көз жұмған еді. Ал 20 қарашада Балыкесир провинциясының Айвалык ауданында оқу-жаттығу ұшағы құлап, борттағы екі адам қаза тапты.
Осылайша, қараша айында Түркияда үш авиациялық апат болып, 11 адам қаза тапты.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: