Placeholder Бразилия президенті жарақатына байланысты БРИКС саммитіне қатыспайды
Фото: Adriano Machado / Reuters
Reuters
Әлем21 қазан 2024, 16:00

Бразилия президенті жарақатына байланысты БРИКС саммитіне қатыспайды

Бразилия президенті бас жарақатына байланысты Қазанда өтетін БРИКС саммитіне қатыспайды. Луис Инасио Лула да Сильва үйінде басының артқы жағынан жарақат алған, оған тігіс салу керек болды. Осыған байланысты дәрігерлер оған ұзақ ұшудан бас тартуға кеңес берген. Бразилия президенті саммитке бейнебайланыс арқылы қатысады деп хабарланды, - деп хабарлайды Arbat.media.

БРИКС саммиті Қазанда 22-24 қазан аралығында өтеді.

Кремль шараға 32 елдің өкілдері, оның ішінде 24 мемлекет басшысы қатысатынын хабарлады.

Бразилия президенті бас жарақаты БРИкс саммиті келмейді

Тақырыпқа жаңалықтар