Діни ұстаз жасөспірімдерге зорлық көрсетті деген күдікке ілінді

Ел арасында Ясауи ілімін жалғастырушы әрі сопылық бағыттағы діни ұстаз ретінде белгілі Исматулла Мақсұмға қатысты ауыр айыптаулар айтылды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Ол жасөспірімдерге сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық жасады деген күдікке ілінді.

Бұл мәселе зікіршілер қауымының бұрынғы мүшелері көпшілік алдында мәлімдеме жасағаннан кейін көтерілген. Атап айтқанда, Ақылбек Жұмабеков журналист Жанар Байсемізге берген сұхбатында жасөспірімдерге қатысты сексуалдық сипаттағы әрекеттер болғанын мәлімдеген.

Бұрынғы шәкірттердің айтуынша, оларды қорқытып, болған оқиғаны сыртқа жариялаған жағдайда түрмеге қамалатынын ескерткен.

ұстаз ілім ел Зорлық

Тақырыпқа жаңалықтар