Дүниежүзінде адамдар жаңалық оқуды азайтқан
Дүниежүзінде адамдар жаңалық оқуды азайтқан. Reuters журналистиканы зерттеу институтының Digital News Report 2024 зерттеуінің авторлары осындай қорытындыға келді. Сауалнама нәтижелері бойынша респонденттердің 39%-ы жаңалық қараудан әдейі қашады, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл сан 2017 жылдан бері 10 пайызға артқан.
Авторлардың пайымдауынша, жаңалықтардан қорғану ниеті Украина мен Таяу Шығыстағы қақтығыстармен байланысты болуы мүмкін.
Сонымен қатар, соңғы 10 жылда дәстүрлі БАҚ аудиториясы күрт төмендеді.
Жастар жаңалықтарды интернеттен немесе әлеуметтік желілерден ілуді жөн көреді.
Жаңалықтарды қабылдаудың негізгі әлеуметтік желісі бұрынғыдай Facebook болып қала береді, дегенмен оның танымалдылығы төмендеп келеді.
Адамдар жаңалықтарды YouTube және WhatsApp арқылы жиі алады.
TikTok күрт өсті. Танымалдылығының күрт артуы нәтижесінде жас платформа тіпті X-ті (бұрынғы Twitter) басып озды.