Әлем•Бүгін, 12:18

Өзбекстанда 5 жастағы қызды балабақша қызметкері зорлаған

Өзбекстанның Наманган облысында мемлекеттік балабақшада 5 жастағы қызға жыныстық зорлық жасалды деген күдікпен 52 жастағы ер адам ұсталды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Оқиға Үшқорған ауданындағы балабақшалардың бірінде болған. Күдікті аталған мекемеде шаруашылық меңгерушісі болып жұмыс істеген. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, қызға қатысты жыныстық зорлық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Күдікті процессуалдық тәртіппен ұсталып, қамауға алынған. Іс Өзбекстан Қылмыстық кодексінің 118-бабы 4-бөлігі және 112-бабы 1-бөлігі бойынша тергеліп жатыр. Қазір бастапқы тергеу амалдары жүргізілуде.

Баланың медициналық және гинекологиялық сараптамадан өткені хабарланды. Өзбекстанның Балалар омбудсмені істің тергелуін бақылауына алған.

Үшқорған оқиға Қылмыс Күдікті

Тақырыпқа жаңалықтар