Джиллиан Андерсон «Алтын глобус» марапатына жыныс мүшесінің суреті бар көйлек киіп келді
«Sex Education» сериалының жұлдызы «Алтын глобус» сыйлығының қызыл кілеміне әйелдің жыныс мүшесінің суреттері бар көйлекпен шықты, - деп хабарлайды Arbat.media.
«Құпия материалдар», «Тәж» және «Жыныс тәрбиесі» атты классика фильмдерінде басты рөлді сомдаған Голливуд жұлдызы Джиллиан Андерсон марапатқа Габриэла Херсттің ақшыл сары түсті көйлегімен келді. Матаның дизайны қолмен кестеленген вульва бейнеленген.
Актрисаның айтуынша, бұл көйлек тұтынушыларға табиғи алкогольсіз сусындарды ұсынатын G Spot брендімен бірлесіп жасаған.
Ол көйлекті өте ыңғайлы деп атады, бірақ оны тігу үшін тыраштанып еңбектеніп, көп уақыт кеткенін атап өтті.
Андерсон әр «йониді» кестелеуге шамамен 3,5 сағат кеткенін айтты.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: