Еуроодақ ер адамдарды Украинаға күштеп қайтармайды
Еуроодақ ер адамдарды Украинаға күштеп қайтармайды. Еуропалық Одақ елдері жасына, жынысына немесе әскери міндетіне байланысты Еуропада уақытша қорғау алған украин азаматтарын елден шығара алмайды, деп түсіндірді Еуропалық ішкі істер комиссары Илва Йоханссон «Азаттық» радиосына берген сұхбатында. Оның айтуынша, «уақытша қорғаныс директивасы бойынша бұл мүмкін емес», - деп хабарлайды Arbat.media.
Йоханссон, сондай-ақ, Еуроодақтың Украинаға оралғысы келетіндерге қолдау көрсететінін, бұл туралы Киев билігімен консультациялар өтетінін, бірақ ол міндетті түрде депортациялауға бармайтынын атап өтті.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: