Филиппинде mpox вирусын жұқтырудың алғашқы жағдайы анықталды
Фото: pexels
pexels
Әлем20 тамыз 2024, 9:34

Филиппинде mpox вирусын жұқтырудың алғашқы жағдайы анықталды

Филиппинде былтырғы желтоқсан айынан бері елде алғаш рет mpox вирусын (маймыл шешегі) жұқтырудың жаңа жағдайы тіркелді. Елдің Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, науқас – Филиппиннен тыс жерге шықпаған 33 жастағы ер адам. «Біз реттік нәтижелерін күтіп отырмыз және олар қолжетімді болған кезде хабарлаймыз», - деді министрлік өкілі Альберт Доминго штамм туралы сұраққа, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Reuters жариялады, - деп жазады Kazinform агенттігі.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау басқармасы Африкада кең таралған, әсіресе Конго Республикасында әсерін күшейткен маймыл шешегі вирусына (M-pox) байланысты жаһандық төтенше жағдай жариялады.

Швеция үкіметі елде маймыл шешегі (M-pox) ауруы тіркелгенін хабарлады. Науқас вирусты Африкаға барғаннан кейін жұқтырған. Швед билігі науқастың қажетті ем алғанын және бақылауда екенін растады.

Вирустың клиникалық белгілеріне бет, қол, аяқ және жыныс мүшелерінде бөртпе, қызба, лимфа түйіндердің ісінуі және бұлшықеттердің ауырсынуы жатады.

Пациенттердің көпшілігі екі-төрт апта ішінде сауығып кетеді, бірақ вирустың ауыр асқынуы, соның ішінде бактериялық тері инфекциялары, пневмония, мидың қабынуы (энцефалит), сепсис болуы тіпті науқастың өліп кетуі де мүмкін. Иммундық жүйесі әлсіреген адамдар, балалар мен жүкті әйелдер вирусқа әсіресе осал.

Филиппин mpox вирусы

Тақырыпқа жаңалықтар