Газа секторындағы тұтқын боосату операциясына ұзақ дайындалған
Газа секторындағы кепілге алынғандарды босату операциясына ұзақ да бірнеше апта бойы дайындалды. Оның үстіне, бұл бастамаға бірнеше минут қалғанда келісілді, деп жазады The New York Times ақпарат көздеріне сілтеме жасап, - деп хабарлайды Arbat.media.
Операцияға арнайы жасақ, әскерилер, барлау және авиация қатысты.
Операция кезінде израильдік арнайы күштердің сарбазы қаза тапты, деп жазады басылым.
Израиль әскерилері содырларды тосыннан ұстау үшін күндіз әрекет етуді шешті, деп хабарлады NYT ақпарат көздері.
25 жастағы израильдік Ноа Аргаманидің босатылуы қиындықсыз өтті.
Кепілге алынған қалған үш адам, оның ішінде 27 жастағы ресейлік Андрей Козлов басқа ғимаратта болған, оларды босату үшін арнайы жасақ оқ жаудырған.
Операция аяқталған соң командостар кепілге алынғандарды тікұшақпен Израильге жеткізді.
Хамастың мәлімдеуінше, Израиль армиясының 8 маусымда жасаған рейдінде 200-ден астам адам қаза тапты, көбісі бейбіт тұрғындар. Бұл ақпаратты тәуелсіз растау жоқ.
Палестина ұлттық әкімшілігінің басшысы Махмуд Аббас «Нусейраттағы қанды қырғынға» байланысты БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің кезектен тыс отырысын өткізуге шақырды.
7 қазанда Хамас Израильге шабуыл жасағаннан бері Израиль қауіпсіздік күштері бар болғаны жеті ғана кепілге алынған адамды құтқара алды.
Соңғы мәліметтер бойынша, Газа секторында 120-ға жуық израильдік тұтқын қалды. Олардың қаншасы тірі екені белгісіз.