Германияда жоғалып кеткен украиналық қыздың денесі табылды
Германияның шығысындағы Дёбельн қаласында өткен аптада жоғалып кеткен 9 жасар Валерияның мәйіті ауылдан төрт шақырым жердегі орманнан табылды, - деп хабарлайды Arbat.media.
Жантүршігерлік жаңалық орман соқпақтарынан алыс жерде табылған – арнайы іздестіру шараларынсыз мәйіт табылмас еді, дейді полицейлер.
Тергеушілер қызды мәйіт табылған жерде өлтірген деп есептейді.
Олар қылмыскерді немесе қылмыскерлерді іздеп жатыр.
Тергеушілер марқұм қыздың тікелей әлеуметтік ортасына назар аударуда.
Қылмыстық әрекеттің жыныстық сипатта жасалғаны туралы әзірге ешқандай белгі жоқ.
Украинаның тумасы Валерия 2022 жылдан бері анасымен бірге Германияда тұрады.
Оның әкесі әлі Украинада.
Айта кетсек, 3 маусымда қыз мектепке бара жатқан жолда жоғалып кеткен болатын.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: