Иранда қақтығыстар барысында бірнеше адам қаза тапты
Иранда қақтығыстар барысында бірнеше адам қаза тапты, деп хабарлайды Arbat.Media.
Иранда экономикалық жағдайдың ушығуына байланысты бесінші күн қатарынан жалғасып жатқан наразылық акциялары барысында бірнеше адам қаза тапқан. Бұл туралы америкалық Associated Press агенттігі хабарлады.
Fars ақпарат агенттігі мен Hengaw құқық қорғау тобының мәліметінше, бірнеше өлім жағдайы Лордеган қаласында тіркелген. Сондай-ақ елдің орталық бөлігіндегі Исфахан провинциясында тағы бір адамның қаза тапқаны білгілі болды.
Айта кетейік, Иранда экономикалық ахуал мен жоғары инфляция салдарынан басталған наразылық акциялары бірнеше күннен бері тоқтамай тұр.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: