ӘлемКеше, 16:29

Ирандағы жаппай наразылық саяси дағдарысқа ұласты

Наразылық алдымен Тегерандағы саудагерлердің ереуілінен басталған. Оған инфляцияның шарықтауы себеп болды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Ресми дерекке сәйкес, азық-түлік бағасы бір жылда 72%-ға дейін өскен.

Көп ұзамай шерулерге студенттер қосылып, наразылық елдің 27 провинциясында бой көтерді. Deutsche Welle мәліметінше, қақтығыстар салдарынан 35 адам қаза тауып, мыңнан астам адам ұсталған.

Қоғамдағы қысымды бәсеңдету мақсатында билік жаңа әлеуметтік шара ұсынды. Енді әр азаматқа ай сайын шамамен 7 доллар көлемінде төлем берілмек. Алайда бұл қаражатқа бар болғаны бір келі ет немесе 100 жұмыртқа ғана алуға болады. Сарапшылар мұны мәселенің шешімі емес, уақытша шара деп бағалап отыр.

Иран Тегеран саудагер көтеріліс

Тақырыпқа жаңалықтар