Израильде кемінде 100 адам қаза тапқан
Израильде Хамас содырларының шабуылдары салдарынан кемінде 100 адам қаза тапқан, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы Times of Israel газеті хабарлайды. Оның мәліметінше, жараланғандар саны 900-ден кем емес.
«Әл-Жазира» телеарнасы дәрігерлерге сілтеме жасап, Израильдің Газа секторына жасаған жауап соққылары салдарынан кем дегенде 160 палестиналық қаза тапқанын хабарлады.
Бұл мәліметтер бойынша Палестина территориясының жараланған тұрғындарының саны 1000 адамнан асты.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: