Израильдіктерге Мальдив аралдарына кіруге тыйым салынады
Израильдіктерге Мальдив аралдарына кіруге тыйым салынады. Мұндай шешімді ел президенті Мохамед Муиззу парламенттің ұсынысы бойынша қабылдады. Мальдивтердің заңнамасына сәйкес түзетулер енгізіледі, - деп хабарлайды Arbat.media.
Үнді мұхитындағы Израильмен дипломатиялық қарым-қатынасы жоқ исламдық арал мемлекеті бұл қадамға Газа секторындағы палестиналықтармен ынтымақтың белгісі ретінде барды.
Муиззу, сондай-ақ, Біріккен Ұлттар Ұйымының Таяу Шығыстағы Палестиналық босқындарға көмек көрсету және жұмыс жөніндегі агенттігі (UNRWA) арқылы палестиналықтарға көмектесу үшін қаражат жинау науқанына тапсырыс берді.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: