Израильге шабуылдан кейін жоғалып кеткен адамдардың мәйіті табылды
Израиль әскерлері Хамас шабуылынан кейін із-түзсіз жоғалып кеткен адамдардың мәйітін тапты, - деп хабарлайды Arbat.media.
Мәйіттер Газа секторымен шекаралас аймақтан табылған, деп жариялады Jerusalem Post.
Қайтыс болғандардың саны туралы әзірге нақты ақпарат жоқ.
ХАМАС содырлары 7 қазанда Израиль аумағына жасаған шабуыл кезінде 150-ге жуық адамды кепілге алғаны белгілі.
Израиль қорғаныс күштері қолбасшылығының хабарлауынша, әскерилер кепілге алынғандарды табу және кейбір Хамас лаңкестерін жою мақсатында Газа секторына бірнеше рет рейд жасаған.
Атап айтқанда, Газадағы әскери операция кезінде Хамас әуе күштерінің басшысы Мурад Абу Мурад өлтірілді деген болжам бар.
Израиль әскері оны елге басып кіруге жауаптылардың бірі деп атады.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: