Placeholder Мелания Трамп еселіктерін жазып, мемуар шығарып жатыр
Фото: USA TODAY NETWORK
USA TODAY NETWORK
Әлем26 шілде 2024, 15:03

Мелания Трамп еселіктерін жазып, мемуар шығарып жатыр

Мелания Трамп еселіктерін жазып, мемуар шығарып жатыр. АҚШ-тың бұрынғы бірінші ханымы Мелания Трамптың кітабы президенттік сайлауға аз уақыт қалғанда күзде шығады және ол «Мелания» деп аталады. Кітап «ерекше өмір сүретін әйелдің жеке портреті» деп сипатталды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Меланияның естелігінде «ол бұрын-соңды жұртшылықпен бөліспеген» жеке оқиғалары мен отбасылық суреттері болады. Бұл кітап «қиындықты жеңіп, өз жолын салған әйелдің күшті және шабыттандыратын оқиғасы» болмақ», - делінген бұрынғы бірінші ханымның сайтында.

Мелания Трамп көп уақыт бойы қоғамда жұрт алдына шықпады, көрінбеді, бірақ Дональд Трамп ресми түрде президенттікке ұсынылған Республикалық партияның жақында өткен съезінде онымен бірге сахнаға шығып, тіпті бетінен сүйіп те үлгерді.

Мелания Трамп мемуар жазды кітап Мелания

Тақырыпқа жаңалықтар