Мемлекеттік Дума көпбалалы әкелерді мобилизациялауды кейінге қалдырудан бас тартты
Мемлекеттік Дума көп балалы әкелерді мобилизациялауды кейінге қалдырудан бас тартты. Негізінен «Единая Россия» мүшелерінен тұратын кейінге қалдыруға қарсылар бұл «кадрлық резервтің төмендеуіне әкеледі» деп жазады Baza Telegram арнасы. Шешім ресми түрде жарияланған жоқ, - деп хабарлайды Arbat.media.
Сонымен бірге Путин қорғаныс министрлігімен Украинаға қарсы соғысқа қатысу үшін келісім-шартқа отырғандарға төленетін төлемдерді көбейту туралы жарлыққа қол қойды.
Оған сәйкес, жаңа келісімшарт бойынша сарбаздарға федералдық бюджеттен 400 мың рубль көлемінде бір реттік төлем ұсынылады.
Сонымен қатар, Ресей заңдарына сәйкес, Ресей Федерациясының Украинаға қарсы соғысы аяқталғанға дейін демобилизация қарастырылмаған.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: