Placeholder
Фото: Анадолы агенттігі
Anadolı
Әлем27 қыркүйек 2024, 23:54

Нетаньяху сөз сөйлегенде бірқатар елдің делегациясы БҰҰ залынан шығып кетті

Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху сөз сөйлеген кезде Түркия мен басқа да бірқатар елдердің делегациялары БҰҰ Бас ассамблеясы залынан шығып кетті, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Анадолы агеттігі жазды.

Нетаньяху БҰҰ Бас ассамблеясының 79-шы сессиясында сөйлеген сөзін бастамас бұрын Түркияның БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Ахмет Йылдыз бастаған түрік делегациясы отырыс залынан шығып кетті.

Израиль премьер-министрінің сөз сөйлеуі кезінде зал айтарлықтай бос қалды. Ол мінберде тұрғанда орындардан гуіл естілді.

Халықаралық қылмыстық сот әскери қылмыс жасады деген күдікпен тұтқындауға ордер берген Беньямин Нетаньяхуға БҰҰ Бас Ассамблеясында сөз сөйлеуге рұқсат беру үлкен дау-дамай туғызып, сынның астында қалды.

Нетаньяху БҰҰ Делегация елдер

Тақырыпқа жаңалықтар