Нетаньяху тәуелсіз Палестинаның құрылуын жоққа шығарады
Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху өз елінің қауіпсіздігіне қатысты ешқандай ымыраға келмейтінін айтты, - деп хабарлайды Arbat.media.
Ол Газа секторы ХАМАС жойылғаннан кейін Израильдің бақылауында қалатынын баса айтты.
Бұған дейін АҚШ президенті Джо Байден Нетаньяхумен телефон арқылы сөйлескеннен кейін екі тәуелсіз мемлекет – Израиль мен Палестинаның қатар өмір сүру принципіне негізделген ымыраға келу мүмкіндігі туралы айтқан болатын.
«Израиль премьер-министрі тіпті ең жақсы достарымызға да «жоқ» деп айта алуы керек», - деді Нетаньяху өз кезегінде.
Сонымен бірге, премьер-министрдің кеңсесі Байденмен келіссөздер барысында ол көптеген жылдар бойы дәйекті түрде қорғап келген ұстанымын растағанын хабарлады.
"Хамас жойылғаннан кейін, Израиль Газа секторының Израильге қауіп төндірмеуі үшін Газа секторындағы қауіпсіздік бақылауын сақтауы керек. Бұл Палестинаның егемендігі туралы талапқа қайшы келеді".