ӘлемБүгін, 14:21

Оңтүстік Кореяның бұрынғы президентіне үкім шықты

Оңтүстік Кореяның бұрынғы президенті Юн Сок Ёль бес жылға сотталды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Yonhap агенттігінің хабарлауынша, бүгін, 16 қаңтар күні Оңтүстік Кореяның бұрынғы президенті Юн Сок Ёльге бірқатар айыптар тағылды.

Үкім Сеулдің Орталық аудандық соты тарапынан қабылданды. Юн Сок Ёльдің 2024 жылғы желтоқсанда қысқа мерзімге әскери жағдай енгізуіне байланысты қозғалған іс мәресіне жетті. Оңтүстік Кореяда әскери төтенше жағдай жарияланғанын ел президенті Юн Сок Ёль халқына жолдауында мәлімдеді. Оңтүстік Корея соты президентті әскери жағдай енгізгені үшін айыптады және парламентке күштік қысым жасағанын атап өтті.

Юн Сок Ёль 2025 жылғы 15 қаңтарда қамауға алынды. Ал сәуір айында конституциялық сот импичмент жариялап, ресми түрде Юн Сок Ёльді қызметінен босатты. Кейін екі айдан соң елде кезектен тыс сайлау өтті.

оңтүстік Корея Президент сот

Тақырыпқа жаңалықтар