ӘлемБүгін, 15:20

Ош қаласында зорлық-зомбылықтан кейін ауруханаға түскен әйел қайтыс болды

Күйеуінен таяқ жеп жансақтау бөліміне түскен келіншек көз жұмды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Қырғызстанның Ош қаласында зорлық-зомбылық белгілерімен аурухананың жансақтау бөліміне түскен Гүлзада Назирбаева 29 тамызда көз жұмды.

Ош облыстық полициясының мәліметінше, әйелдің өліміне байланысты сот-медициналық сараптама тағайындалған.

Осыдан бір апта бұрын марқұмның туыстары Гүлзаданы күйеуі ұрғанын айтып, дабыл қаққан. Алайда марқұмның қайын жұрты бұл айыптауларды жоққа шығарған.

Қазір әйелдің өліміне қатысты мән-жайлар анықталып жатыр.

ош Қала Зорлық Қылмыс

Тақырыпқа жаңалықтар