Әлем11 наурыз 2024, 10:23

Освенцим комендантының отбасы туралы фильм — "Оскар" көзайымы

Мартин Эмистің кітабы бойынша британдық режиссер Джонатан Глейзер түсірген «Мүдделер аймағы» фильмі "Оскар" басты киносыйлықта бес номинация бойынша, соның ішінде негізгісі – «Үздік фильм» номинациясында ұсынылған. Фильм Освенцим концлагерьінің коменданты Рудольф Хосстың, оның әйелі Хедвигтің және олардың балаларының Рудольф басқаратын нацистік «өлім фабрикасының» қоршауының дәл сыртында бағы бар жайлы үйде өмірі туралы баяндайды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Фильмде миллиондаған азапталған және өртелген еврейлердің өлтірілуі мен азап шегу көрінісі мүлдем жоқ. Құрметті неміс отбасының өмірінен жанрлық көріністер бетон қоршаудың арғы жағында өрбиді, оның артында көз жасы, атып өлтіру, жалынышты зар, үрген иттер - және мұржалардан үнемі қою қара түтін шығып тұрады.

Керемет берекелі үйдің тұрғындары жыл мезгілдерінің ауысқаны сияқтығ бұған мүлдем не назар, не көңіл аудармайды. Бұндай немқұрайлылық кез келген адамның жанын түршіктіреді. 

Глейзердің фильмі өткенді ғана емес, бүгінгіні де бейнелейді. Өртеп жіберген еврей әйелінен шешіп алынған қымбат бағалы тонды айнаның алдында киіп көріп масаттанған Хедвиг Хосстың эпизоды «ДХР және ЛХР "батырларының" жесірлеріне өлген күйеулеріне өтемақы ретінде берілген тондар, сол үгіт-насихат видеоларына еске түсіреді.

Қаншама жыл өтсе де, зұлымдық әлі де көрініс алуда. 

Освенцим Оскар үздік фильм «Мүдделер аймағы»

Тақырыпқа жаңалықтар