Пәкістан Сыртқы істер министрі Бішкекке келді
Пәкістан премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мохаммад Исхак Дар қысқа мерзімді сапармен Қырғызстанға келді, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы Кабар жазды.
Сапар барысында Сыртқы істер министрлігінің басшысы Қырғыз Республикасының медициналық мекемелерінде тиісті ем қабылдап жатқан отандастарына баруды, сондай-ақ ел басшылығымен келіссөздер жүргізуді жоспарлап отыр.
Бішкекте 13 мамырда хостел қонақтары арасындағы төбелестен басталған шиеленісті жағдайдың соңы жаппай тәртіпсіздікке ұласты.
Пәкістан премьер-министрі Шахбаз Шариф Қырғыз Республикасының астанасында болған шетелдік азаматтарға қатысты оқиғаны баса назарда ұстап отырғанын айтты.
Қырғыз Республикасының Министрлер кабинеті Бішкектегі түнгі оқиғаға байланысты мәлімдеме жасап, ондағы этникалық алауыздық пен тәртіпсіздік тудыру әрекеттерін қатаң айыптады.
Қырғыз Республикасының президенті Садыр Жапаров 17-18 мамырда Бішкекте болған оқиға бойынша қырғызстандықтарға бейнеүндеу жасады.