ӘлемБүгін, 10:33

Пәкістандағы мешітте жарылыстан 30 адам көз жұмды

Пәкістандағы мешітте жұма намазы кезінде жарылыс болып, 30-дан аса адам қаза тапты, деп хабарлайды Arbat.Media.

Жарылыс склдарынан 31 адам қаза тауып, тағы 169 адам жарақат алды.

Полицияның мәліметінше, жарылғыш құрылғыны мешітке алып келген лаңкес, мешіт кіреберісінде тоқтатылғаннан кейін өзін жарып жіберген.

Әзірге теракт үшін жауапкершілікті ешбір ұйым өз мойнына алған жоқ.

Қасым-Жомарт Тоқаев Исламабадтағы лаңкестік актінің салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты Пәкістан президенті Асиф Али Зардари мен премьер-министрі Шахбаз Шарифке көңіл айтты.

Пәкістан Мешіт Жарылыс Қаза

Тақырыпқа жаңалықтар