ӘлемБүгін, 20:29

Паранжа кимеген әйелдерге ауруханаға кіруге және таксиге отыруға тыйым салынды

Тәліптер паранжа кимеген әйелдерге ауруханаға кіруге және таксиге отыруға тыйым салды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Ауғанстанның Герат қаласында барлық әйел мұғалімдер паранжа киюге міндеттелді. Бұл шектеулер мектептерге ғана емес, басқа да мекемелерге таралған. Соңғы күндері бұл киім түрін кимеген азаматшаларды орталық түрме, АХАЖ, білім бөлімі мен банктерге де кіргізбеген.

Бұдан бөлек паранжа кимеген әйелдерге ауруханаларға баруға мен таксиге мінуге рұқсат берілмей жатыр. Осылайша Талибан әкімшілігі киім кию ережелеріне қатысты жаңа шектеулер енгізуде.

Жергілікті БАҚ қаланың әр жеріне бірнеше бақылау бекеті орнатылғанын, паранжа кимеген әйелдерді тасымалдаған жүргізушілердің жазаланғанын хабарлады.

тәліп Әйел Заң Қылмыс

Тақырыпқа жаңалықтар