Әлем7 мамыр 2024, 23:43

Пашинян: Арменияның ішкі өмірін құрметтемейтін РФ телеарналарына тыйым салынады

Армения Премьер-министрі Никол Пашинян ресейлік телеарналар Арменияның ішкі өмірін құрметтемесе, олардың хабар таратуына тыйым салынатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Қол қойылған шарттарға сүйене отырып, біз ресейлік арналардан Армения мен оның мүдделеріне құрметпен қарауды сұраймыз. Екі ел арасындағы достық қарым-қатынасқа бағалай отырып, бірнеше рет сұрауға, содан кейін бірнеше рет талап етуге дайынбыз. Егер жетінші рет біздің талабымыз еленбесе, онда бұл арналардың барлығы өшіріліп, Арменияда таратылуы тоқтатылуы керек», - деді ол баспасөз мәслихатында.

 

Никол Пашинян РФ телеарналары тыйым

Тақырыпқа жаңалықтар