ӘлемБүгін, 11:34

Түркияда мектеп маңында атыс болып, 11 адам жараланды

Оқиға Маниса өңірінде таңғы сағат 08:00 шамасында болған. Жергілікті БАҚ мәліметінше, зардап шеккен 11 адамның екеуінің жағдайы өте ауыр, деп хабарлайды Arbat.Media.

Бір адамның қаза тапқаны туралы ақпарат тарағанымен, ол әзірге ресми расталған жоқ.

Оқиға орнынан қашып кеткен күдіктіні полиция ұстады. Алдын ала мәлімет бойынша, ол осы мектептің 9-сынып оқушысы болуы мүмкін.

БАҚ оқиға Күдікті полиция

Тақырыпқа жаңалықтар