Ресей БҰҰ ҚК Судандағы бітімгершілік қарарына тосқауыл қойды
Ресей БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің Судандағы бітімгершілік туралы қарарына тосқауыл қойды. БҰҰ-ның ең құдіретті органының қалған 14 мүшесінің барлығы Ұлыбритания мен Сьерра-Леоне дайындаған қарар жобасын қолдап дауыс берді. Құжат Судандағы азаматтық соғысқа қатысушы барлық тараптарды «соғыс қимылдарын дереу тоқтатуға» және елдегі гуманитарлық дағдарысты шешуді қоса алғанда, «ұлттық атысты тоқтату» туралы диалогты бастауға шақырды, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы Ұлыбритания үкіметінің сайтындағы мәлімдемеде хабарланды.
Мәтінде Британ Сыртқы істер министрі Дэвид Лэмми Мәскеудің қарарға тосқауыл қоюын «жаман, жиіркенішті және ақымақ» әрекет деп атады.
«Ресей әрекет етпес бұрын тағы қанша судандық өлтірілу керек, қанша әйел зорлануы керек, тағы қанша бала тамақсыз қалуы керек?» – деп риторикалық сұрақ қояды.
"Украинада басқыншылық соғыс жүргізіп жатқан Путинне ұят дүние. Африка континентінде жанжал мен зорлық-зомбылықты тарату үшін жалдамалыларын пайдаланып жатқан Путинге ұят болуы керек", - делінген Лэммидің мәлімдемесінде.