Ресей Солтүстік Кореяға қару жеткізсе, Сеул Украинаға қару беруі мүмкін
Ресей Солтүстік Кореяға қару жеткізсе, Оңтүстік Корея Украинаға қару беруі мүмкін. Бұл туралы Кореяның KBS телеарнасында елдің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Чан Хо Чжин мәлімдеді, - деп хабарлайды Arbat.media.
«Мен бәрі Ресейдің не істейтініне байланысты екенін атап өткім келеді (...) Егер Ресей Солтүстік Кореяға дәлме-дәл қаруды өткізетін болса, бізге қандай да бір күмән қала ма? - деді ол.
Бірнеше күн бұрын Сеул Украинаға ықтимал қару-жарақ жеткізуге қатысты ұстанымын қайта қарауға дайын екенін мәлімдеді.
Бұған Ресей мен Солтүстік Корея арасында стратегиялық әріптестік туралы келісімге қол қою себеп болған.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: