Ресейдің Челябинск облысы мен Башқұртстанда торнадо болды
Ресейдің Челябинск облысы мен Башқұртстанда торнадо болды. Челябинск облысы мен Башқұртстанда 8 маусым күні қатты найзағай ойнап, бұршақ жауды. Қатты дауылға ұласқан табиғаттың тосын сыйынан кейін аталған өңірлер жарықсыз қалды, - деп хабарлайды Arbat.media.
Әлеуметтік желі қолданушылары торнадо салдарынан болған жәйсіз жағдайларды жарыса жариялады, - деп жазады Kazinform агенттігі.
Башқұртстанның ТЖМ хабарлауынша, небәрі 10 минутқа созылған дауыл аралас бұршақтан кейін сегіз бетон бағана мен жанармай бекеті, екі көлік сондай-ақ жол белгілері зардап шеккен.
Агапов ауданы басшысының мәліметінше, көршілес Челябинск облысында электр желілері зиян шегіп, салдарынан сегіз елді мекен жарықсыз қалған.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: