Танымал актер кәмелетке толмаған қыздарды азғырды деген ақпарат тарады
Голливуд актері әрі музыкант Джаред Летоға кәмелетке толмаған қыздармен орынсыз қарым-қатынаста болды деген айып тағылды, деп хабарлайды Arbat.Media.
BBC және The Hollywood Reporter басылымдарының мәліметінше, бірнеше әйел Лето өздері 18 жасқа толмаған кезде оларға қатысты әдепсіз әрекеттер жасағанын айтқан. Олардың сөзінше, оқиғалар 2002–2016 жылдар аралығында болған.
Әйелдер қудалау, интимдік қарым-қатынасқа мәжбүрлеу, қорқыту және әдепсіз сипаттағы қоңыраулар болғанын мәлімдеген. Сондай-ақ олардың бірі кейін өзіне бұл оқиғалар туралы жарияламау үшін ақпаратты жария етпеу туралы келісімге (NDA) қол қою ұсынылғанын айтқан.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: