Тилль Линдеманн жаңа бейнебаянда зорлаушыны ойнады
Тилль Линдеманн жаңа бейнебаянда зорлаушыны ойнады. Клипте Линдеманн плантациялық колонистердің киімін киіп, шалбарын шешіп, абориген қызды зорлайды, - деп хабарлайды Arbat.media.
Тилл Линдеманн жаңа бейнебаянда зорлаушыны ойнады.
Өткен жылы бірнеше қыз Rammstein әншісін жыныстық қудалау жасады деп айыптаған.
Тергеу тағылған айыптың айғақтарын таба алмай, іс жабылған болатын.
Енді музыкант Entre dos Tierras («Екі дүние арасында») деген атпен жаңа бейнебаянынан үзінді жариялады.
Бұл испандық Héroes del Silencio тобының 1990 жылғы аттас әнінің кавері.
Бейнебаянда Линдеманн плантация колонистерінің киімінде шалбарын шешіп, абориген қызды зорлайды.
BILD шолушылары Таня Мэй мен Марк Питтелкау мұны Линдеманның «тағы бір есептелген арандатуы» деп атайды.
Журналистер «садомазохистік әрекеттер мен экстраваганттық сексуалдық қиялдар әрқашан оның әндерінің, өлеңдерінің және көпшілік алдында шығуының бір бөлігі болғанын» еске алады.