Трамп өзін Венесуэланың президенті міндетін атқарушы етіп тағайындады
Трамп өзін Венесуэланың президенті міндетін атқарушы етіп тағайындады. Бұл туралы АҚШ президентінің өзі мәлімдеді, деп хабарлайды Arbat.Media.
Венесуэланың басшысы Николас Мадуро ұсталғаннан кейін, АҚШ президенті бұл елдегі жағдайды бақылауды жеке өзі өз қолына алатынын мәлімдеді.
Трамптың Truth Social әлеуметтік желісінде жазған мәліметінше, ол 2026 жылдың қаңтарында мемлекет басшысының міндетін атқарушы болып тағайындалған. Сонымен қатар ол АҚШ президенті қызметін де сақтап қалған.
Ресми түрде Венесуэланың президенттік міндетін қазіргі уақытта Делси Родригес (уақытша басшы) атқарып отыр. Жақында ол саяси тұтқындарды босату туралы мәлімдеген еді. Қазірдің өзінде 18 адам бостандыққа шықты.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: