Әлем17 қазан 2025, 11:21

Трамп Путинмен Будапеште кездеседі

Трамп Путинмен Будапеште кездесетін болды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Бейсенбі күні Ресей басшысы Владимир Путинмен телефонмен сөйлескенін хабарлаған АҚШ президенті Дональд Трамп "айтарлықтай өнімді әңгіме" болғанын жазды.

"Президент Путин мені және АҚШ-ты Таяу Шығыста бейбітшілікке қол жеткізуімізбен құттықтады. Таяу Шығыстағы сәттілік Ресей мен Украина соғысы бойынша келіссөздерімізге көмектеседі деп сенемін" деп жазды Трамп Truth Social желісінде.

Трамптың айтуынша, ол Путинмен бірге "Украинадағы соғыс аяқталғаннан кейін Ресей мен АҚШ арасындағы сауда-саттықты дамыту мәселесін" көп талқылаған.

Әңгіменің соңында олар келесі аптада жоғары деңгейдегі кездесу өткізу жөнінде келіскен.

трамп Путин Ақпарат Кездесу

Тақырыпқа жаңалықтар