ӘлемБүгін, 13:33

Трамп ядролық қарусыздану жөніндегі жаңа келісім жасауды қолдап отыр

АҚШ пен Ресей арасындағы ядролық қаруды шектеу жөніндегі келісімнің мерзімі аяқталды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Осыған байланысты АҚШ президенті Дональд Трамп ядролық қаруды бақылау жөнінде жаңа келісім әзірлеуді қолдайтынын мәлімдеді.

«Біз New START келісімін ұзартудың орнына ядролық мәселелер жөніндегі мамандарымызға ұзақ мерзімге жарамды, жаңа, жетілдірілген және заманауи келісім әзірлеуді тапсыруымыз қажет», - деп жазды Трамп Truth Social әлеуметтік желісінде.

Саясаткер әлемде ядролық соғыстардың алдын алғанын атап өтті. Бұған дейін Ақ үй басшысы ядролық қару қорын шектеу жөніндегі жаңа келісімге Қытайды да қосуға ниетті екенін бірнеше рет айтқан.

АҚШ трамп ядродық қару Ресей
Бүгін, 9:02 Қазақстан жаңалықтары
Бүгін, 10:16 Қазақстан жаңалықтары
Кеше, 9:33 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар