Украина: Сумыдағы көпқабатты үйге зымыран щабуылы болды, он адам қаза тапты
Ресейдің Сумыдағы көпқабатты үйге зымыран соққысынан қаза тапқандар саны 10-ға жетті, оның ішінде балалар да бар. Ресейдің 17 қараша күні кешке Сумыдағы көпқабатты тұрғын үйге зымырандық соққысы нәтижесінде 11 адам қаза тапты, оның ішінде тоғыз жасар бала мен 14 жасар қыз бар, дейді Украина төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік қызметі, - деп хабарлайды Arbat.media.
50-ден астам адам зардап шекті, оның сегізі бала. Көршілес бірнеше көпқабатты үйлердің терезелері сынған, зардап шеккен ғимараттардан барлығы 400-ден астам тұрғын эвакуацияланған.
Түн ортасынан кейін орыс әскері Сумыға кезекті зымыран соққы берді. Соның салдарынан қалада электр жарығы үзілді, деп хабарлады облыстық әскери басқарма.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: