Соғысқа қатысушы Волгоградта бір топ баланы атып тастады
Украинадағы соғысқа қатысушы Волгоград маңында бір топ баланы атып тастады. Серафимович ауданына қарасты Угольский шаруа қожалығында аты-жөні жарияланбаған 48 жастағы соғыс ардагері кешкі уақытта музыкалық колонкамен серуендеп жүрген 9-13 жас аралығындағы балаларға оқ жаудырған. Бұл оқиға 12 маусымда болған, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бір бала аяғынан оқ жарақатын алып, қазір ауруханада жатыр, деп хабарлайды жергілікті V1 басылымы.
«Балалардың айтуынша, алдымен оқтын-оқтын атыс естілген, сосын карабинадан атаа бастаған.
Полиция бір сағаттан кейін келді, олар үйге кірмеді, өйткені оқ жаудырады деп қорыққан», - деді жергілікті тұрғындар.
Атқан азамат ұсталып, оған қатысты материалдар әскери прокуратураға жіберілді.
Оо соғыста алған жарақатына байланысты облысқа оралғаны хабарланды.
Атыс басталған кезде ер адамның жанында оның ағасы болған. Ол да Ресейдің Украинаға қарсы әскери агрессиясына қатысушы болған.