16 шілде 2024
/ Мир
Соғысқа қатысушы Волгоградта бір топ баланы атып тастады
Украинадағы соғысқа қатысушы Волгоград маңында бір топ баланы атып тастады. Серафимович ауданына қарасты Угольский шаруа қожалығында аты-жөні жарияланбаған 48 жастағы соғыс ардагері кешкі уақытта музыкалық колонкамен серуендеп жүрген 9-13 жас аралығындағы балаларға оқ жаудырған. Бұл оқиға 12 маусымда болған.