ӘлемКеше, 18:02

Үндістан мен Пәкістан атысты тоқтату туралы келісімге келді - Трамп

АҚШ президенті Трамп Үндістан мен Пәкістан атысты тоқтату туралы келісімге келгенін айтты, деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы АҚШ президенті 10 мамырда Truth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

“АҚШ-тың арағайындығымен жүргізілген ұзақ түнгі келіссөздерден кейін, мен Үндістан мен Пәкістан толық және дереу атысты тоқтату туралы келісімге келгенін қуанышпен хабарлаймын”, – деп жазды Трамп.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубионың айтуынша, Дели мен Исламабад бейтарап аумақта әртүрлі мәселелер бойынша келіссөздер жүргізуге келіскен.

Айта кетейік, екі ел арасындағы жағдай 7 мамырда Үндістан жүзеге асырған зымыран соққысынан кейін ушыға түсті. Нью-Делидің мәліметінше, бұл шабуыл террорлық топтарға қарсы бағытталған. Ал Исламабад бұл айыптауды жоққа шығарып, шабуыл әскери инфрақұрылымға жасалды деп мәлімдеді. Сарапшылар бұл оқиғаны соңғы жылдардағы ядролық қаруы бар қос держава арасындағы ең қауіпті шиеленіс деп бағалап отыр.

 

трамп Соғыс Үндістан
8 мамыр 2025 Қазақстан жаңалықтары
8 мамыр 2025 Қазақстан жаңалықтары
8 мамыр 2025 Қазақстан жаңалықтары
8 мамыр 2025 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар