Ходорковский: Украина соғыста жеңіледі. Сарапшылар пікірі
Украина соғыста жеңіледі, деді Ходорковский. Сарапшылар не дейді? Украина жеңіліп қалмауы үшін Батыс Киевті әлдеқайда көп қару-жарақпен қамтамасыз етуі керек, дейді Австрия армиясы Бас штабының офицері Маркус Райснер, - деп хабарлайды Arbat.media.
Оның пікірінше, Батыс жай ғана «тозақ соғысының» не екенін түсінуден бас тартады.
«Егер 800 күннен астам уақытқа созылған соғысқа қарасақ, Ресей өз ресурстарын одан сайын арттыра бастағанын көреміз.
Ал қару-жарақ өндіруде Ресейдің қолы басым», - деп есептейді сарапшы.
«Путин ақшаны соғысқа жұмсайды, өзін еш нәрсемен шектемейді, ал Батыс ол уәде еткен қаржымен ғана Украинаны қолдауға жұмсайды, одан артық бір тиын бермейді. Бірақ бүгінгі күні мен Украина қарулы күштері бастаманы өз қолына алатындай сценарийлерді көріп тұрған жоқпын», - дейді Ресей Қаржы министрінің бұрынғы орынбасары Сергей Алексашенко.
Оның айтуынша, Одесса 2025 жылы құлай ма, жоқ па деген пікір таласуға болады.
Инсбрук университетінің профессоры Герхард Манготт Ходорковскийдің Батыс пен Ресей Федерациясының осы соғысқа жұмсаған шығындары туралы есептеулері дұрыс болғанымен, оның бұлыңғыр болжамдарымен келісе алмайды.
Оның пайымдауынша, Батыстың қолдауы бұрынғы деңгейде қалса да, ресейлік әскерлер табысқа жете алмайды. Ресейде Харьков пен Одесса облыстарын толық басып алуға халық та жоқ, материалдық күш е жоқ.