Юлия Навальная Еуроодақтың санкциялық саясатын сынға алды
Юлия Навальная Еуроодақтың санкциялық саясатын сынға алды. «Мен еуропалық саясаткерлерден сұрағым келеді: «Ресейлік олигархтарды санкцияға салғаныңыздан кейін не өзгерді?» деп жазды ол өзінің X әлеуметтік желісіндегі аккаунтында, - деп хабарлайды Arbat.media.
Оның айтуынша, Михаил Фридман да, Петр Авен де «соғысқа қарсы мәлімдеме жасамады» немесе оны тоқтатуға тырыспады, бірақ «өте қымбат адвокаттарды жалдап, жақсы лоббистер тапты».
Бұл ретте Навальная Еуропадағы соғысқа қарсы ресейліктердің көптеген қиындыққа тап болғанын, ал «ресейлік олигархтар үшін бәрі оңай шешілетінін» еске салды.
Ол Фридман мен Авенге қарсы санкцияларды алып тастау шешімін «зиянды» деп атады.
Бұл ретте бірқатар БАҚ Еуроодақ соты ресейлік кәсіпкерлерге қарсы санкцияларды әлі алып тастамағанын, тек 2022 жылы тізімге енгізу туралы шешімнің күшін жойғанын алға тартады.
Болжам бойынша, 2023 жылдың наурызында ЕО Кеңесі Фридман мен Авенді санкциялар тізіміне енгізу туралы екінші шешім қабылдады және ол әзірше күшінде қалуы мүмкін.