127 мыңға жуық талапкер грант конкурсына өтінім берді
Білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін 127 мыңға жуық талапкер өтініш тапсырды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Бұл өткен жылмен салыстырғанда 14 мыңға артық. 2025 жылы конкурсқа қатысу үшін 113 мың өтініш қабылданған болатын. Бұл туралы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі хабарлады.
Министрліктің мәліметінше, биыл бакалавриатқа түсу үшін 75 мыңнан астам грант бөлінген. Гранттардың басым бөлігі (60%) инженерлік бағыттағы мамандықтарға, 20% – педагогикалық мамандықтарға, 20% – басқа салаларға еңбек нарындағы қажеттілікті ескере отырып берілді. Өтініштердің көпшілігі «Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары», «Педагогикалық ғылымдар» және «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» сияқты бағыттарға берілді.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: