Новости: Грант

Грант - Қазақстандағы жалғыз еуразиялық порталдағы соңғы жаңалықтар тізімі. туралы жаңа ақпаратты оқыңыз 【Грант】 жаңалықтар Arbat media
2022 жылдан бастап бизнес-идеяларды іске асыруға 40 мыңға жуық грант берілді
27 қазан 2024 / Новости Казахстана

2022 жылдан бастап бизнес-идеяларды іске асыруға 40 мыңға жуық грант берілді

2022 жылдан бастап халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын азаматтарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын көрсету шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін 39 763 грант берілді. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәліметінше, гранттардың жалпы санының үштен бір бөлігінен астамын көпбалалы отбасылар алды. Соңғы үш жылда барлығы 38 мың грант беру жоспарланған болатын. Грант алушылардың санаттары бөлінісінде 16 734 грант көп балалы отбасыларға, 5 142 грант – мүгедектігі бар адамдарға, 3 498 – мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналарға, 1 611 – атаулы әлеуметтік көмек алушыларға, 1 024 – асыраушысынан айырылу бойынша төлем алушыларға, 11 754 – басқа санаттарға берілді. 

Атырау облысында кәсіпкерлер грант қаржысын мақсатсыз жұмсаған
16 қыркүйек 2024 / Новости Казахстана

Атырау облысында кәсіпкерлер грант қаржысын мақсатсыз жұмсаған

Атырау облысында 21 кәсіпкердің қайтарымсыз грант қаржысын мақсатсыз жұмсағаны анықталып отыр. Енді олар грант қаржысын бюджетке қайтарады. Атырау облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бөлім басшысы Сәттіғұл Сабыровтың мәліметіне сүйенсек, мемлекет тарапынан берілетін қайтарымсыз грант түрі көп. 

Астана әкімдігі жоғары оқу орындарына 850-ге жуық грант бөлді
16 тамыз 2024 / Новости Казахстана

Астана әкімдігі жоғары оқу орындарына 850-ге жуық грант бөлді

Астана әкімдігі елорданың жоғары оқу орындарына 850-ге жуық білім грантын бөлді. Гранттар жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға бағытталған. Грант конкурсы бүкіл ел бойынша өткізіледі. 

Магистратураның грант конкурсына құжат қабылдау басталды
12 тамыз 2024 / Новости Казахстана

Магистратураның грант конкурсына құжат қабылдау басталды

Ғылым және жоғары білім министрлігі магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеудің нәтижелерін жариялады. Министрліктің хабарлауынша, ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша магистратураға түсу үшін кемінде 75 балл, бейіндік бағыт бойынша кемінде 30 балл жинау қажет. Грант конкурсына құжаттарды қабылдау 12-15 тамыз аралығында жүзеге асырылады, ал грант иегерлерінің тізімі 25 тамызға дейін жарияланады. 

Украина АҚШ-тан 3,9 миллиард доллар қайтарымсыз грант алды
6 тамыз 2024 / Мир

Украина АҚШ-тан 3,9 миллиард доллар қайтарымсыз грант алды

Украина АҚШ-тан 3,9 миллиард доллар қайтарымсыз грант алды. Ақша Дүниежүзілік банк арқылы келді, деді Украина премьер-министрі Денис Шмыгаль. Оның айтуынша, бұл қаражат мұғалімдердің, дәрігерлердің және құтқарушылардың жалақысы, әлеуметтік төлемдер сияқты «бюджеттің басым шығыстарын қаржыландыруға» көмектеседі. 

Мемлекеттік басқару академиясы: Грант иегерлерінің тізімі шықты
18 шілде 2024 / Новости Казахстана

Мемлекеттік басқару академиясы: Грант иегерлерінің тізімі шықты

Биыл Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына магистратура мен докторантура бағдарламалары бойынша оқуға түсу үшін конкурстық іріктеуге қатысуға ақпараттық жүйеге барлығы 1053 өтінім түскен, оның ішінде қойылған талаптарға сай болған 716 үміткер конкурсқа жіберілді. 

Тасқын: Түлектер грантқа бұрынғы ҰБТ сертификатымен қатыса алады
6 шілде 2024 / Новости Казахстана

Тасқын: Түлектер грантқа бұрынғы ҰБТ сертификатымен қатыса алады

Ұлттық тестілеу орталығы су тасқынынан зардап шеккен өңірлердің мектеп түлектеріне хабарландыру жасады. Биылғы тасқыннан зардап шеккен аймақтар — Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары. Мұндағы талапкерлер үшін маңызды ақпарат бар. 

Бизнес: 1,5 млн теңге грантқа өтінім беру
5 шілде 2024 / Новости Казахстана

Бизнес: 1,5 млн теңге грантқа өтінім беру

15 шілдеден бастап Business.enbek.kz порталында 2-лек бойынша жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін гранттар алуға өтінім қабылдана бастайды. Республика бойынша екінші лекте 4 655 адамға грант беру жоспарланып отыр.