14 маусымға арналған ауа райы болжамы
Мамандар 14 маусымға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Еліміздің басым бөлігінде оңтүстік циклонның әсерінен найзағай ойнап, жауын жауады. Күндіз солтүстік аймақтарда нөсер жаңбыр құйып, батыс пен шығыста, сондай-ақ орталықта бұршақ жауады.
Қазақстанның солтүстік-батысында, солтүстігі мен орталығында түнде және таңертең тұман басады. Республика бойынша жел күшейеді.
Күндіз Жетісу, Абай, Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Ақтөбе, Жамбыл, Ұлытау және Қостанай облыстарында 35-40 градус ыстық болады.
Астанада күн бұлтты. Жаңбыр жауады. Ауа температурасы +26+28°С, желдің жылдамдығы түнде 3-8м/с, күндіз 9-14м/с.
Алматыда күн бұлттанып, жауын жауады. Ауа температурасы +29+31°С, желдің жылдамдығы 3-8 м/с, кей уақытта екпіні 18-23м/с.
Шымкентте күн ала бұлтты. Ауа температурасы +36+38°С, желдің жылдамдығы 8-13 м/с.