1,5 млрд теңгенің алтынын мыс деп алдап, елден шығармақ болған

Бұл жағдай Жетісу облысында болған. Екі күдікті құрамында алтыны бар 2,6 мың тонна кенді заңсыз шетелге шығармақ болған. Алтын 1,5 млрд теңге деп бағаланған, деп хабарлайды Arbat.Media.

Күдіктілерді Қаржы мониторинг агенттігі құрықтады. Ведомство мәліметінше, кенді шетелге шығару үшін құжаттарда тауар "мыс кені мен концентраттары" деп көрсетілген. Осылайша шикізаттың нақты құрамы жасырылған.

Экспорттаушы "RedGold Mining" ЖШС-нің директоры және өзге де адамдар ұсталды. Екі күдікті қамауға алынды.

Жетісу облысы Екі күдікті Қаржы мониторингі оқиға

Тақырыпқа жаңалықтар